Анонс
Super User

Super User

COVID-2019 вирусының Қазақстан аумағында пайда болуы Қазақстан музейлерінің қызметіне де әсер етті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде төтенше жағдай жариялауына байланысты музейлер халыққа қызмет көрсетуін уақытша тоқтатты. Осыған байланысты Абай қорық-музейі Қазақстанда алғашқы болып онлайн дәрістер, музей сайты арқылы 3D саяхаттар жасауды ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақтөбе қаласында 2020 жылғы 11-12 наурыз күндері «Kazmuseum.kz» қоры мен Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты музей қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру курсы өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музей қорында Атырау облысы, Құрманғазы ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, 90 жасқа келгенде дүние салған (1995 жыл) ақын-жазушы Әбу Сәрсенбаевтың Зейнолла Шүкіровке жазған екі хаты бар. Бірі 1962 жылы, екіншісі 1972 жылы жазылған.

 

Ақтөбедегі облыстық өлкетану музейі 90 жылдық тарихы бар, өлкеміздің өткені мен бүгіні туралы сыр шертетін ғылыми-зерттеу, насихат орталығы. Осы жылдар ішінде «естелікті сақтаушы көне құндылықтардың ғибадатханасы» қоғаммен бірге өсіп, өркендеді.    

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Азия халықтарының музыкалық аспаптары» және «Еуропа халықтарының музыкалық аспаптары» залдары ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жас экскурсоводтар» клубының қатарын толықтырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи–өлкетану музейінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің «Ұлы даланың сақ өркениеті» атты жылжымалы көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі – облысымыздағы көне мәдени мекемелердің бірі. Музей жүз жыл бұрын, 1920 жылы көрнекі құралдардың музейі ретінде уездік халыққа білім беру бөлімі жанында құрылып, алғашқы жұмыстарын бастаған болатын. Сол жылдың 1 тамыз күні көрнекі құралдары музейінің меңгерушісі болып педагог, ғалым Иван Хохлов тағайындалды. Иван Степановичтың есімі Көкшетау уезінде жүргізілген алғашқы тарихи-өлкетану зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты. Бірінші музей қоры қаланың мектеп жинақтамаларынан жиналған тарихи маңызы бар 130 заттан құралды, олар білім беру бөлімінің бөлмелерінің біріне қойылды.

Көкшетау қаласының Красный Яр орта мектебінде халық ақыны Көкен Шәкейұлының музейі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мектеп музейлерінің виртуалды экскурсияларының облыстық байқауын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Төменде байқаудың ережесі берілген.

Медиа

JoomShaper