Анонс
Super User

Super User

Әлем музейлері арасында #NomiCoseNeiMusei (#МузейдегіЗаттарАтауы) хэштегі арқылы челлендж басталды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Абай қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір қызметінен босады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бүгінгі таңда әлемдік пандемия деп танылған «COVID-19» вирусымен күресте елімізде көптеген іс-шаралар қолға алынып жатыр. Қазақстан Рсепубликасы Мәдениет және спорт министрлігі де осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. «Карантиндегі жұлдыз», «Онлайн дәріс» және т.б. көптеген жобалар жүзеге асып, өз көрермендерін қалыптастырып отыр. Бұл жобалардың негізгі мәні – карантин кезінде Отандастарымызға тарихи-мәдени, рухани байлығын кеңінен насихаттау, осылайша өшпес мұраларымызды дәріптеу.  

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры, профессор Нұрсан Әлімбай музей мамандары мен тарих, этнография саласы және өзге де қызығушы көпшілік үшін «Қазақтың тарихи этнографиясының музейдегі деректік негізі һәм негіздемесі» тақырыпта онлайн-дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бүгін ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Қырым аралы» ғылыми қалпына келтіру зертханасының суретші-реставраторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қырым Алтынбеков археологтар мен музей мамандары және реставраторлар үшін «Археологиялық қазбаларды сақтау және қалпына келтіру» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Бүгін ҚР Мемлекеттік орталық музейінің экскурсия ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Бибіфатима Бақдәулетова музей мамандарына үшін «Музейге келушілермен жүргізілетін жұмыс түрлері (ҚР Мемлекеттік орталық музей негізінде)» атты онлайн-дәріс оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Музей жұмысында заттарға реставрация жасау маңызды рөл атқарады. Осы орайда Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің мамандары қылқалам туындыларына реставрация жасау әдістерімен бөліскен болатын. Реставраторларға, музей мамандарына пайдалы кеңес ретінде видеоны ұсынамыз.

Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейі – Алматы облысындағы танымал мемориалдық музейлердің қатарына жатады. Назарларыңызға аталған музей туралы видео-экскурсия ұсынамыз.

Бүгін ҚР Орталық музейінің бас қор сақтаушысы Үміт Әшімова Қазақстан музейлерінің қызметкерлері үшін «Музейлік затты зерттеу мен насихаттау (ҚР МОМ тәжірибесінен)» атты тақырыбында online режимде лекция оқыды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

ҚР Орталық музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан музейлерінің мамандары үшін музейдің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға арналған онлайн дәріс өтті, деп хабарлайды, kazmuseum.kz сайты.

Медиа

JoomShaper