Анонс


Музей саласының үздіктері марапатталды

Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 19:25
Музей саласының үздіктері марапатталды KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Рухани қазына-2020" фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

"Үздік облыстық музей-2020" номинациясы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне (жүлдесі 1 000 000 теңге);

"Үздік аудандық музей-2020" номинациясы Қызылорда облысының Ы.Жақаев атындағы Шиелі күріш өсіру тарихы музейіне және Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Сәулет-этнография музейіне (екеуіне де 1 000 000 теңгеден);

"Балаларға арналған музейлік үздік жоба-2020" номинациясы Теміртау тарихи-өлкетану музейіне ( жүлдесі 500 000 теңге);

"Музейдегі инклюзиялық жоба-2020" номинациясы Қарағанды облыстық Бейнелеу өнері музейіне (жүлдесі 500 000 теңге);

"Алтын орданың 750 жылдығына арналған арнайы номинация" Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне (жүлдесі 500 000 теңге);

"Үздік музей сайты" номинациясы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне (жүлдесі 500 000 теңге);

"Музей саласындағы династия-2020" номинациясы Түркістан облысының Жұмашевтар отбасына (жүлдесі 750 000 теңге);

"Облыстық музейдің үздік қызметкері-2020" номинациясы Павлодар облысының Әдебиет және өнер музейінің қызметкері Е.Қайыровқа ( жүлдесі 500 000 теңге);

"Аудандық музейдің үздік қызметкері-2020" номинациясы Қостанай облысының Б.Майлин музейінің қызметкері А.Ергазиеваға (жүлдесі 500 000 теңге);

"Мәдениет жанашыры-2020" номинациясы БҚО Жәңгір хан атындағы этнографиялық музейінің жетекшісі Н.Төлеповке (жүлдесі 500 000 теңге);

"Ауылдық музейдің үздік қызметкері-2020" номинациясы Павлодар облысының Мәшһүр Жүсіп музейінің қызметкері Ә.Пазыловқа (жүлдесі 500 000 теңге)

"Үздік онлайн жоба-2020" номинациясы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Ә.Беккулиеваға (жүлдесі 500 000 теңге);

"Жас серпін-2020" номинациясы Тұңғыш Президенттің Теміртаудағы мәдени орталығының қызметкері Қ.Тыныбекке (жүлдесі 500 000 теңге) табысталды.

Айта өтейік, музейлер арасындағы байқауға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева, "Ұлытау" қорық-музейінің директоры Бақтияр Қожахметов, "Бозоқ" қорық-музейінің директоры Сәуле Бөрібаева және музеолог Нұрсерік Жолбарыс қазылық етті. 

2840 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper