Құрметті Сара Есқайырқызы!
Сізді мерейлі 80 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен Еліміз әлемдік қауымдастық алдында сан салада қарқынды дамуда. Осы орайда Сіз күллі адамзат тарихының тағылымымен таныстыратын музей ісін жандандыруға сүбелі үлес қосып келе жатқан өз ісінің майталманысыз. Ұзақ жылдан бері түрлі лауазымды қызмет атқарып, болмысы бөлек тұлғалардың өмір жолынан сыр шертетін музей ашуға, бірқатар игі бастамаға жетекшілік етіп, құнды жәдігерлер жайлы жинақтардың жарық көруіне атсалысып келесіз. Осы ретте лайым қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыздың арта беруіне тілектеспін.
Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дәулет тілеймін!
Құрметпен, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова
Фото: KazTag