Баспасөз-конференциясында музей директоры Мейрам Дүйсенғали, аға ғылыми қызметкерлер Аслан Мамедов, Нұрсұлтан Баиров өткен жылы археологиялық экспедициясының облысымыздың аудандарында жүргізген зерттеу жұмыстарына тоқталды.
Археологтардың айтуынша, өткен жылы музейдің археологиялық экспедициясы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Шалқар, Ойыл және Ырғыз аудандарында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде түрлі хронологиялық шеңбердегі бірнеше жерлеу орындары зерттеліп, заттай жәдігерлер жинақталды.
Биыл музей археологтары Ойыл, Мәртөк, Әйтеке би және Байғанин аудандарына археологиялық қазба-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Конференция соңында музей қызметкерлері БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері
АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАР:
Шеңбертал-І қорымының зерттелуі
Шөптікөл-І қорымының зерттелуі
Қаздыарал-І орнындағы апаттық зерттеулер
Шалқар ауданы аумағында жүргізілген барлау жұмысы