Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына қосымша
ЕСКЕРТУ: Төменде бұйрықтың ғылыми қызметкерлерге қатысты тұсынан үзінді берілген.
3-бөлім. Ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық, технологиялық, жобалау, іздестіру ұйымдарында, редакциялық-баспа ұйымдары мен бөлімшелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-тарау. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіру ұйымдарына ортақ басшы, ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлер лауазымдары
1-параграф. Аға ғылыми қызметкер
783. Лауазымдық мiндеттерi:
дербес тақырыптарды және де оған қатысты тақырыптар бөлімі болып табылатын (бөлiм, кезең) әзірлемелерді зерттеуде қызметкерлер тобын ғылыми басқаруды жүзеге асырады немесе өте күрделi және жауапты жұмыстардың орындаушысы сияқты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді өткiзедi;
зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің жоспарлар мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлейді;
тақырып бойынша ғылыми-техникалық мәлiметтерді жинау мен меңгеруді ұйымдастырады, тәжірибелер мен бақылаулардың нәтижелерiн талдау мен ғылыми мәлiметтердің теориялық қорытындысын өткізеді;
оның басшылығымен жұмыс істейтін қызметкерлер алған нәтижелердің дұрыстығын тексереді;
кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға қатысады;
өткiзiлген зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзедi.
784. Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер және әзірлемелердің тақырыбы бойынша ғылыми проблемалар;
тиiстi экономикалық қызмет түрлерi бойынша басшылық ететін материалдар, осы сұрақтар бойынша отандық және шетелдік мәлiметтер;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылауларды жүргізудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын пайдалана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
тиiстi экономикалық қызмет түрiнiң экономикасы;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
785. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және тиiстi мамандығы бойынша кемiнде 10 жыл жұмыс тәжiрибесi, өнертабыстағы ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
3-параграф. Бас ғылыми қызметкер
789. Лауазымдық мiндеттерi:
іргелi және қолданбалы сипаттағы ең маңызды ғылыми проблемалар, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша зерттеулердiң өткiзілуіне ғылыми басқаруды жүзеге асырады, және олардың өткiзуiнде тiкелей қатысады;
зерттеулер мен өңдеулердiң жаңа бағыттарын құрастырады, жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, олардың өткiзілуінің амал әдiстерін анықтайды;
ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын құрастыруға қатысады, оларға тапсырылған тапсырмаларды өзге ұйымдармен бiрлесіп орындаған кезде қатысқан қоса орындаушылар қызметін үйлестiредi;
ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, зияткерлік меншiгiнiң нарығын және тиiстi инфрақұрылымды дамыту үшін өз зерттеулерінің бағыты шеңберінде әртүрлi тұжырымдамалар, бағдарламалар, заңдар, әлеуметтiк-экономикалық реформаның жүйелiк-ғылыми негiздерiнiң жобаларын, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын, нормативтiк құқықтық базаларды әзірлеуге қатысады;
бiрлескен зерттеулердi өткiзуде, қосымша қаржыландыруды тарту мақсатында отандық және шетелдік әрiптестерді iздестiру бойынша бастамашылықтарды қолдайды, жарыстар мен тендерлерге қатысу үшiн жобалық ұсыныстарды әзірлейді;
ғылыми-техникалық табыстар мен идеялар нарығында маркетинг зерттеуiн өткiзедi және жаңа технологиялар мен жобалардың, авторлық және зияткерлік меншік құқығын қорғауға қатысты мәселелерді меңгере және уақытында шеше отырып, мүдделi тұтынушыларға өз идеялары мен табыстарын сату шараларын қабылдайды;
алынатын нәтижелердi қорытады, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелердің ғылыми-зерттеу сараптамасын өткiзедi;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiнiң қолданылу аясын анықтайды және бұл нәтижелердiң практикалық іске асуын ғылыми басқаруды қамтамасыз етедi;
тиiстi бiлiм саласында ғылыми кадрлар дайындау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады.
790. Бiлуге тиiс:
ғылым және техника бағыттарындағы ғылыми проблемалар;
экономикалық қызмет түрiнiң даму бағыттары;
жоғары тұрған және өзге органдардың басшылық материалдары;
осы сұрақтар бойынша отандық және шетел жетістіктер;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттама шығарылымын) енгiзудiң және өткізудің жаңа амал әдiстері, құралдарын және жоспарлау практикасы;
маркетинг, ғылым туралы заңнама;
еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
791. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылым докторының ғылыми дәрежесi, жаңалықтарды ашудағы дипломның және авторлық куәлiк қағаздарының немесе ірi ғылыми еңбектердің және iс жүзiнде жүзеге асырылған нәтижелердің бар болуы, тиiстi білім саласында ғылыми беделі.
5-параграф. Ғылыми қызметкер
795. Лауазымдық мiндеттерi:
жауапты орындаушы ретiнде тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер және әзірлемелер өткiзедi немесе ғылыми жетекшiмен бiрлесiп күрделi тәжiрибелер мен бақылауларды жүзеге асырады;
алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжiрибесiн, бақылаулар мен тәжiрибелер нәтижелерін, ғылыми-техникалық мәлiметтерін жинайды, өңдейді, талдайды, қорытындылайды;
олардың нәтижелерiн қолдану бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің жоспары мен әдiстемелiк бағдарламаларын, практикалық ұсыныстарды құрастыруға қатысады;
тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма) бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды;
зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерiн енгiзуге қатысады.
796. Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері;
осы зерттеулер және өңдеулер туралы отандық және шетелдік мәлiметтер;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
ғылым туралы заңнама негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
797. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
6-параграф. Ғылыми хатшы
798. Лауазымдық міндеттері:
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жинақ, перспективалық және жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстар дайындауды басқарады, сонымен қоса ұйымның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ оларды бірлесіп жүргізген кезде өзге де ұйымдар орындайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын үйлестіруді жүзеге асырады;
белгіленген тақырыптық жоспарлардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды және ұйым қызметі туралы жиынтық есептерді дайындауды ұйымдастырады;
ұйым жұмысының негізгі бағыттарын әзірлеу кезінде үйлестіруді, оның қызметінің тиімділігін арттырудың жоспарлары мен бағдарламаларын, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жақсартуды қамтамасыз етеді;
ғылыми және ғылыми-техникалық (техникалық) кеңестің жұмыс жоспарларының жобаларын дайындайды, олардың орындалуы мен кеңес қабылдаған шешімді жүзеге асыруды бақылайды;
диссертация қорғау мен ғылыми дәреже беруге байланысты материалдарды қарайды;
ғылыми еңбектерді басудың жоспарына ұсыныстар дайындайды, олардың рецензиялануын, сонымен қатар ғылыми конференциялар, мәжілістер, семинарлар мен пікір таластыруларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
қызметкерлерге аттестациялау жүргізуді, олардың жұмыстарын бағалаудың өлшемдері мен әдістерін әзірлеуді ұйымдастырады;
ұйым бөлімшелерінің ғылыми-көмекшілік қызметін үйлестіреді;
ғылыми кадрларды дайындау мен біліктіліктерін арттыру, ғылыми қызметкерлердің тағылымдамалары бойынша ұсыныстар дайындайды.
799. Білуге тиіс:
ұйым қызметінің бейіні бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері;
білімнің, ғылым мен техниканың тиісті салаларындағы ғылыми проблемалар;
ұйым қызметінің бейіні бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттары;
жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары;
білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, жоспарлауды және қаржыландыружды жүргізу және енгізу, ұйымдастыру, оларды патенттік-ақпараттық қамтамасыз етудің белгіленген тәртібі;
авторлық құқықтар мен патенттерді қорғау, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қолданыстағы ережелер;
ғылыми қызметкерлердің конкурстары мен аттестациялауының жүргізу тәртібі;
өзге ұйымдармен жұмысты бірлесіп орындаған кезде шарт қатынастарын ресімдеудің құқықтық мәселелері;
қызметкерлер еңбектерін ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару;
іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
800. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, доктордың немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы өтілі 5 жылдан кем емес, ғылыми хатшының лауазымына ғылыми дәрежесі жоқ, білімнің тиісті саласындағы біліктілігі жоғары, аталған жұмыс өтіліне ие мамандар 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
9-параграф. Жетекші ғылыми қызметкер
807. Лауазымдық мiндеттерi:
ғылым мен техниканың жекелеген проблемалары (тақырыптары, тапсырмалары) бойынша зерттеулер жүргізуге ғылыми басшылықты жүзеге асырады және олармен айналысатын қызметкерлер тобын басқарады немесе жекелеген тапсырмалардың, ғылыми-техникалық бағдарламалардың жауапты орындаушысы болып табылады;
зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерді өткізу әдістерінің анағұрлым күрделі проблемалары бойынша ғылыми-техникалық шешімдер әзірлейді, оларға қажетті қаражатты таңдайды;
жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттары мен олардың орындалу әдістерін дәлелдейді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді;
жұмыс бағдарламаларын құрастыруды ұйымдастырады, тапсырмаларды өзге ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде қоса атқарушылар қызметін үйлестіреді, алынған нәтижелерді жинақтайды;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін қолдану саласын анықтайды және осы нәтижелердің практикалық іске асуын ұйымдастырады;
ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруға қатысады.
808. Бiлуге тиiс.
білім, ғылым және техниканың тиісті саласы бойынша ғылыми проблемалар;
экономикалық қызмет түрін дамыту бағыттары;
жоғары тұрған және өзге де органдардың басшылық материалдары;
осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктер;
ұйымның жаңа әдістері, жоспарлау құралдары мен практикасы, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді (бағалау, патенттік ақпараттық қамтамасыз ету, ғылыми техникалық құжаттаманың шығарылымын) өткізу мен енгізу, ғылым туралы заңнама;
экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
809. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, докторлық немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесiнің болуы, ғылыми еңбектердің немесе жаңалық ашуға авторлық куәлiк қағаздарының, сондай-ақ практикада жүзеге асырылған ірі жобалар мен әзірлемелердің болуы.
18-параграф. Кіші ғылыми қызметкер
834. Лауазымдық мiндеттерi:
бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес тақырыптың жеке бөлiмдерi (кезеңдер, тапсырмалар) бойынша ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді жүргізеді;
тәжiрибелердiң орындалуларында қатысады, бақылау және өлшем өткiзедi, олардың сипаттамасын құрайды және қорытындылар қалыптастырады;
зерттелетін тақырып бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді;
тақырып немесе оның бөлiмi (кезең, тапсырма)бойынша есептер (есеп бөлiмдерi) жасайды;
зерттеулер мен өңдеулердiң нәтижелерiн енгiзуге қатысады.
835. Бiлуге тиiс:
өткiзiлетiн зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндетері;
осы зерттеулер және әзірлемелер туралы отандық және шетелдік ақпараттар;
зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың, эксперименттер мен бақылаулар жүргізудің, ақпаратты қорыту мен өңдеудің, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдана отырып, заманауи әдістері мен құралдары;
ғылым туралы заңнама негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
836. Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемiнде 3 жыл, ғылыми дәрежесі болған, докторантураны тамамдаған және тағылымдамадан өткен жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, жоғары оқу орындарының кеңестерiнен (факультеттер) ұсыныс болған айрықша жағдайда кiшi ғылыми қызметкердiң қызметiне жоғары оқу орнында оқу мерзiмі уақытында жұмыс iстеу тәжiрибесін алған бiтiрушiлер (магистратура) тағайындала алады.