Анонс


Астаналықтар Қазақстанның алғашқы білім тарихы музейін аралап көреді

Дүйсенбі, 29 Қыркүйек 2014 06:00
Астаналықтар Қазақстанның алғашқы білім тарихы музейін аралап көреді KAZMUSEUM.KZ -  

Астанада Л.Г.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде алғашқы білім музейі ашылды. ЖОО баспасөз қызметінің хабарлауынша, музейде белгілі қазақ ағартушыларының бірегей құжаттары мен күнделік жазбалары, араб тілінде қолмен жазылған кітаптар, фотосуреттер қойылған. Қазіргі уақытта музей қоры 900-ден астам экспонаттан тұрады, мұнда келушілер отандық ағартушылықтың қалыптасуымен таныса алады.

Музейді ашу идеясын ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов ұсынды. «Біз болашақ ұрпаққа тарихымызды, осы адамдардың білім жүйесінің дамуына қосқан үлесі, өз кезегінде білім жүйесінің еліміздің дамуына қосқан үлесі туралы жеткізу қажет деп санаймыз», - деді музейдің ашылуында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов.

Музей экспонаттары алты бөлімге бөлінген:

  • VI-VIII-XIV ғғ Түркі кезеңіндегі педагогикалық ескерткіштер;
  • XV - XIX ғғ бірінші жартысындағы қазақ ақындары мен жыраулардың ағартушылық көзқарастары;
  • Қазақстанда ғылыми педагогикалық ойдың туындау кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басы);
  • Қазақстанның білім беру мен ағартушылық саласына шет елдік ғалымдардың қосқан үлесі,;
  • Кеңес кезіндегі ғылым мен білімнің дамуы (1917-1990 жж.);
  • Жаһандану жағдайындағы білім беру мен ғылым (1991 жылдан осы күнге дейін).

Музей күнде жұмыс істейді.

4778 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper