Көрмеге ұсынылатын экспозицияда су бейнеленген 180-нен астам фотосурет бар. С.Әуелбаеваның космобиоэнергетикасынан қуат алған дәл осы су «Сайлаухан» емдік кешенінің сан мыңдаған емделушілерінің басты сауығу феномені және тәсілі болды.
Түсірілген фотосуреттердің авторы да шипагердің өзі. Көрме авторының айтуынша, қуат алған суды суретке түсірген кезде, оның бетінде жарқыраған сурет сияқты әлдебір таңбалар пайда болады. Олардың кейбірінің мағынасын тез-ақ ашуға болғанмен, көбісі сырын ішіне бүгіп қалады да, соларды шешуге тура келеді. Бұл факт суды және оның қасиеттері мен мүмкіндіктерін ғана емес, адамның әдеттен тыс мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым саласы мамандарын қызықтырды.
Жәдігер бетіндегі немесе халық өнері бұйымдарына түсірілген кез келген қарапайым өрнек өз мәнісінде ақпарат көбірек жеткен жерге бірден көзге түседі. Адамдар этникалық символдардың сакралдылығын түйсікпен сезініп, оларды ерекше құнттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Символ ұлыстардың ең сезімтал өкілдері болып қабылданған кезден бері сол заманның кескін-бейнесі болып келеді, сөйтіп қазіргі және бүгінге жеткен түрлі формаларын тапты. Көрменің басты тақырыбы да осы.
Айта өтейік, көрме 7 қазан күні ашылып, 23 қазанға дейін жұмыс істейді.