
Super User
Абай музейіне «Интермузей-2014» дипломы тапсырылды
Ресей Федерациясы Бас консулдығының вице-консулы С.В.Шимко арнайы Семейге сапары кезінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің басшысы Жандос Әубәкірге XVI Халықаралық «Интермузей-2014» фестивалі дипломын салтанатты түрде тапсырды. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі жас суретші Нұрбол Нұрахметтің «ТҮПКІ САНА» атты жеке шығармашылық көрмесін ұсынады. Көрме 2014 жылдың 3 қазан күні сағат 16.00-де ашылады, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.
«Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме ашылады
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Ресей Этнографиялық музейінің (Санкт-Петербург) қор жинағынан «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрменің ашылуы өтеді. Салтанатты рәсім алдағы 3 қазан, сағат 17.00-ге жоспарланған. Бұл туралы Музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жапонияның сұлулық әлемі» атты көрме ашылды (ФОТО)
Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде жапон суретшісі Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі ашылды.
Министрдің қатысуымен Ұлттық музейде көрме ашылады
ҚР Ұлттық музейінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен қазіргі заманның ең әйгілі мүсіншілерінің бірі Цадок Бен-Давидтің «Түн ортасының арғы беті» атты жеке көрмесі ашылады. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұңғыш Президент музейінде жапондық көрме ашылады
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде жапон суретшісі Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Нұрсұлтан Назарбаев - ядролық қарусыздану әлемінің көшбасшысы» атты құжаттық көрменің саланатты ашылуы өтті, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.
Алдағы 8 қыркүйекте «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені өзінің құрылған күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылады.
«Түркі қағандарының ордасы» ландшафтық музейі «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысады (ФОТО)
Астана қаласынан 100 шақырым жердегі Ерейментау ауданында орналасқан «Түркі қағандарының ордасы» атты ландшафтық ашық аспан астындағы музейі «ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілердің назарына ұсынылады. Бұл туралы музейдің ұйымдастырушысы әрі сол жерде қазба жұмыстарын жүргізген ғалым, тарих ғылымдарының докторы, музейтанушы Айман Досымбаева журналистердің қатысуымен өткен пресс-тур кезінде мәлімдеді.
Баласын бауырына басқан сармат әйелінің сүйегі табылды
Орынбордың Ілек ауданындағы Филиппов қорғанында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог-ғалымдар сармат әйелінің сүйегін тапты. Оның қолында кішкентай сәбиі бар деп жазады ИТАР-ТАСС Орынбор облыстық өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Оксана Халяпинаға сілтеме жасап.