Анонс


Кемел Ақышев атындағы музей-кабинет ашылды

Сенбі, 04 Қазан 2014 06:00
Кемел Ақышев атындағы музей-кабинет ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде археология мектебінің негізін салушы Кемел Ақышұлы Ақышев атындағы музей-кабинетінің ашылуы салтанаты өтті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған іс-шара белгілі Есік қорғанының «Алтын адам» жерлеу ескерткішін ашқан ғалымның 90-жылдық мерей тойына орайластырылып отыр. Музей-кабинетке ғалымның еңбектері мен пайдаланылған заттары қойылған. 

Кемел Ақышев (1924-2003) Қазақстан археология ғылымының дамуына зор үлес қосқан көрнекті археолог, ғалым, Ұлы Отан соғысының ардагері. 1955-1989 жылдары К. Ақышев ҚазКСР Ғылым Академиясы, тарих, археология және этнография институтында археология бөлімінің ғылыми зерттеу, экспедициялық жұмыстарына жетекшілік етті. 90 жылдардың соңында ғалым Орталық Қазақстан аумағындағы ескерткіштерді зерттеп, 1998 жылы Бозоқ қалашығын ашып, 1999 жылы қазба жұмыстарын бастады, ал 2000 жылдан бастап ол Еуразия археологиясында жаңа бағыт болып саналатын сатылы-типті үрдістегі «дала өркениеті» тұжырымдамасын дәйектеу, әрі Қазақстанның далалық аудандарындағы қала мәдениетін зерттеумен айналысты.

К. Ақышев бүгінде әлемге танымал Бесшатыр қорымындағы сақ пирамидаларын, «Алтын адам» жерленген Есік обасын, аңызға айналған Отырар қала жұртын, ежелгі және көптеген ортағасырлық мәдениет ескерткіштерін анықтап, қазба жұмыстарын басқарды. Ол ғылыми қызметінің жарты ғасырға жуығын ежелгі тарих, көне дүние және орта ғасырлар археологиясы мәселелерін зерттеу ісіне арнады. 200-ден аса ғылыми еңбек, 15 монографияның авторы К Ақышевтің аты «Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына» енгізілген.

6476 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper