Анонс
Super User

Super User

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысына жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында бірнеше тарихи жәдігерлерді тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – Алдағы  25 тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің мерейтойына арналған «Бізге 10 жыл» атты фотокөрме ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 25 тамыз күні сағат 10.30-да «Серіктестер шоқжұлдызы» атты музейлік форум өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АСТАНА. 15 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде ағаштан түйін түйген шебер Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» деп аталатын жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АСТАНА. 7 тамыз. BAQ.KZ – Грекияның «The Olive Museum of Pelion» музейінде Қазақстан туралы көрме өтуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА. 7 тамыз. BAQ.KZ – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Кіші Қамқалы ауылы маңында орналасқан Құралай сұлу мазарын сәулет өнері­нің өзгеше ескерткіші десек, артық айтқандық емес. Ел аузында бұл кесенені Келден батыр шамамен XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың аяғында шикі кірпіштен қалап, салғызған деп айтылады. Көне тарихқа жүгінсек, бұл оқиға қазақтар мен қалмақтардың қақтығыстары кезінде болған екен.

Жамбыл облысының 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды.«Ежелгі Тараздың ескерткіштері» тарихи-мәдени мұражай қорығының директоры Тәкен Молдақынов ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялардың бірінші аймақаралық жиынында Қазақстаның 33 тарихи ескерткіші «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылғанын хабарлады.

АСТАНА. 7 тамыз. BAQ.KZ – Алтайдан белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевтің жетекшілігімен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында шамамен 40 жастағы сарбаздың сүйегі табылды. Бұл туралы Түркі Академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

АСТАНА. 6 тамыз. BAQ.KZ – ҚР Ұлттық музейінің Ботай қонысына жүргізген алғашқы дала зерттеулеріне тарих ғылымдарының докторы, археолог, профессор Виктор Зайберт өз пікірін білдірді. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Медиа

JoomShaper