Кітаптың беткі тұсында ұлғайтқыш айна бар. Соның көмегімен кітапты қиналмай оқып шығуға болады. Ғасырдан астам тарихына қарамастан, Құран жақсы сақталыпты. Оған сыртқы қабатының таза мыстан жасалуы себеп екендігін алға тартады мамандар.
- Мұндай кішкентай көлемдегі Құранды алғаш рет көріп тұрмын. Оны қалтаға салып та, мойныңа тұмар ретінде іліп жүруге де болады, - дейді музей басшысы Шаукат Файзуллин.