Табылған материалдық құндылықтардың арасында безендірілген вазалар, әсем фрескалар мен мүсіндер, зергерлік бұйымдар бар. Олардың жалпы құны 50 млн долларға бағалануда.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ұрылар бұл жәдігерлерді сақтау үшін, кейіннен оны басқа елдерге сату үшін Швейцарияға жеткізген.
Италия полициясы Тесей туралы дастанның негізгі оқиғалары бейнеленген атақты вазаның АҚШ-та заңсыз сатылғаны туралы хабарды естіп, швейцариялық әріптестерімен бірлесіп операция жүргізді.