Шараға жергілікті жас қолөнершілердің 70-тен астам туындылары қойылды. Суреттерде негізінен ел басқарған қазақ хандары мен қол бастаған батырлар, билер және біртуар тұлғалар бейнеленген. Сонымен қатар ұлттық музыкалық аспаптар мен күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылған заттар қойылды. Ұйымдастырушылар алда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Жеңістің 70 жылдығына арнап, бірнеше байқау түріндегі көрме өткізуді жоспарлап отыр. Ақерке Қырықбай, жас қолөнерші: - Көптеген ізденістер жасадым. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы Жидебай жеріндегі Абайға арналған кесенелер мен мұражайлардың мүсіндерін ала отырып, осы композицияны ойлап таптым. Тақырып бойынша алға қойған мақсатым - осы тарихи жанрда жұмыс жасау.
Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған көрме
Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2015 06:00
KAZMUSEUM.KZ -
Таразда «Еншісін алған еркін ел» деген атаумен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлады 24.kz тілшісі.