«Музей стенділерінде Қазақ хандығы билеушілерінің бүкіл шежіресі қойылған. Мысалға, Қасым хан хандықтың шекарасын кеңейтіп, Ресей империясымен сыртқы экономикалық байланыстарды жолға қойды. 18 ғасырдағы беделді хандардың бірі Абылай болды. Ол әртүрлі бағыттарда табыстарға жетті. Өз дәуірінің ұлы қолбасшысы атанды. Ол қазақтың Үш Жүзінің басын қосты», деп атап өтті К. Горбаченко.
Биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің негізгі шаралары Жамбыл облысында өтеді. Тарихымыздың осынау үлкен мерейтойын халқымыз жыл бойы Қазақстан тәуелсіздігімен байланыстыра отырып, атап өтеді. Солтүстікқазақстандықтар да осы атаулы күнге арналған мерекелік шараларға қызу әзірленуде.