Анонс
Super User

Super User

Көкшетауда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты филиалы, археология кабинеті және этнография музейі ашылды. 

«Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбымен өткен «Нұр Отан» партиясы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев 2009-2011 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жолдары туралы ұсыныстарын айтты. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті.

Елбасы бастамашылығының негізінде әзірленіп, 2004-2011 жылдарда жүзеге асырылған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау, пайдалануға арналған ауқымды іс-шаралар атқарылды. Бұл туралы «Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбының аясында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.

«АЛЖИР»  музей-мемориалдық кешенінде тұтқында болған белгілі әйелдердің суреттерін жинақтаған көрме өз жұмысын бастады,  деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қазіргі жай-күйі» тақырыбымен өткен «Нұр Отан» партиясы «Мирас» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысында ҚР Мәдениет қайраткері Сәдуақас Ағытаев ескерткіштерге қатысты мемлекеттік тізімнің жасақталуы мен басшылыққа алынуының қажетті деңгейден қөріне алмай отырғанын атап өтті.

Астана қаласындағы Қолөнер орталығының көрме залында Болат Мекебаевтың «Үйге апарар ұзақ жол» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмені «Шежіре» қазіргі заманғы өнер галереясы ұйымдастырды.

Халықаралық музейлер күнінде мұнда ашық есік күні өтті. Қонақтар үшін ерекше шеберлік сабақтарын қолданбалы өнер шебері Болат Бейісбеков пен қыш өнерінің шебері Кендебай Қарабдалов өткізді.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы аясында «Шафердің музей-үйі» Ұлы Отан соғысы жылдарының ұмыт қалған әндер жинағын дайындады. Бұл жөнінде Рavlodarnews.kz агенттігіне «Шафердің музей-үйі» директоры Татьяна Корешкова хабарлады.

Медиа

JoomShaper