Көрмеде Қазақстанның әр аймағының қола дәуіріндегі артефактілері - қыш, тау-кен ісі мен мыс қорыту өндірісінің құрал-жабдықтары, егін шаруашылығы мен үй тіршілігі құралдары, қару-жарақ саймандары, ат әбзелдері, әшекейлер мен бойтұмарлар, сондай-ақ монументтік өнер - петроглифтер көрсетілді. Соның ішінде қазіргі отандық археологияның негізін қалаған белгілі қазақстандық ғалым Ә.М.Оразбаевтың жинақтаған археологиялық жәдігерлері қойылған.
Музейтанушы ғалымның еңбектері көрмеге қойылды
Сәрсенбі, 29 Сәуір 2015 21:21
KAZMUSEUM.KZ -
Бүгін Алматыда VII Әбдіманап Оразбаев оқулары аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің археологиялық қоры «Қазақстан қола дәуірінде» (б.з.д. XVIII-IX ғғ.) атты көрмені көрмені ұсынды.