Анонс
Super User

Super User

Әлемнің сегізінші кереметі саналатын император Цинь Шихуанды күзетіп тұрған терракот әскерлерінің жерленген жерге археологиялық қазба жұмыстары ресми түрде басталды.

Өскемен қаласындағы C.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де университеттің «Жас ғалымдар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту» орталығының қолдауыме және «Тарих, халықаралық қатынастар және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Оқу (археологиялық) іс-тәжірибе бойынша нұсқау» конференциясы өтті, деп жазады altaynews.kz сайты.

Семейдегі Абай музейі өздерінің музей қорындағы жәдігерлерін көбейту мақсатында «Музейге сый тарту» акциясын ұйымдастырды.

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегінің қолжазба нұсқасы 2011 жылы  Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайынан табылған. Бұл көкшеліктерге зор мәртебе, қуаныш сыйлаған еді. Бірақ, сол кітаптың басы жақсы басталып, арты белгісіз кеткеніне алаңдап осы музейдің  директоры Нұрбек Нұралинге жолығып, сөзге тарттық.

Ел тарихына, өткеніне көз жіберуде, бабалар мұрасымен танысуда танымдық музейлердің алатын орыны орасан екені баршамызға мәлім. Еліміздің тарихы қаншалықты терең, бай болса, соны дәріптейтін, әспеттейтін, болшақ ұрпаққа жеткізетін мұражайлардың саны да аз емес. Сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан музыкалық аспаптар жинағымен танысу мақсатында Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ халық музыкалық аспаптар музейінен бастауды жөн көрдік.

ҚР Ұлттық музейінде Роман Гуманюк және Иванна Шмелеваның «Болгария елі» көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жеке коллекция жауһарлары» атты көрме ашылды. Көрмеге белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің өнер туындыларынан жинақталған жеке коллекциялар қойылды.

Еліміздің кең байтақ әрі табиғаты әсем даласы 40-қа жуық қайталанбас суреттер арқылы грузиялық көрермендерге таныстырылды. Тбилисидегі ұлттық музей галереясында «Беймәлім Қазақстан» атауымен сурет көрмесі өткізілді.

Бүгін Ақмола облысындағы «АЛЖИР» музей кешенінде саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақтың  әйгілі ақыны,  мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен (Садуақас) Сейфуллин (1894-1938) өмірі мен шығармашылығын зерттеп, халыққа жеткізіп, насихаттау қызметін қасиетті шаңырақ - С.Сейфуллин музейі   атқарып келеді. С.Сейфуллин    музейі  Астана қаласының төрінде бой көтергеніне міне биыл 27 жыл болды. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев өзі келіп, қолтаңба қалдырған музейде, ашылғаннан бастап жиналған қор талай ғылыми еңбекке негіз болып отыр. Осы  уақыт ішінде  музейде  заттай-құжаттық  біраз  жәдігер жиналып,   көпшілік назарына насихат жұмысын жасауда. Музейдегі қай жәдігерді алып қарасаңыз да, ерекше сыр мен құндылықтарға толы.

Медиа

JoomShaper