«Станоктық графика», «Майдан кітапшасы» және «Этюдтер мен сұлба сызбалар» атты үш бөлімнен тұратын түрлі-түсті басылымға жазған алғысөзін музей қызметкері Лариса Мартынова «Қараңғылық пен жарықтың шекарасында» деп атапты. Онда суретші-майдангердің өмірі мен шығармашылығы жан-жақты ашып көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің қаржылай қолдауымен шығарылған аз ғана таралым 9 - мамыр қарсаңында Барнаул қаласында басылып шыққан тағы да 50 дана альбом-каталогпен толықпақ. Осындай қолдауы үшін өнер музейі мен авторлар ұжымы Алтай өлкесінің губернаторы Александр Богданович Карлинге өз алғыстарын білдірді.
Оқырманға жол тартқан бұл альбом - каталог суретші Борис Иванович Французовтың және Ұлы Отан соғысына қатысқан суретшілердің де рухтарына тағзым ретінде шығарылып отыр.