Анонс


«АЛЖИР-дің» атақты есімдері» көрмесі өз жұмысын бастады Таңдаулы

Жексенбі, 24 Мамыр 2015 23:08
«АЛЖИР-дің» атақты есімдері» көрмесі өз жұмысын бастады KAZMUSEUM.KZ -  

«АЛЖИР»  музей-мемориалдық кешенінде тұтқында болған белгілі әйелдердің суреттерін жинақтаған көрме өз жұмысын бастады,  деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Экспозицияда саяси репрессиялар мен тоталитаризм құрбандары болған Бейімбет Майлиннің жары Гүлжамал Майлинаның, Тұрар Рысқұловтың жары Әзиза мен Майя Плисецкая, Болат Окуджаваның аналары, сонымен қатар, Лидия Русланова, Гуляндам Ходжанова, Зуфнун Нурмақова, Дәмеш Жүргенева, Фатима Османова, Екатерина Калинина, Марьям Есқараева, Татьяна Афонина, Рәзия Мендешева, Лидия Френкель, Зағфи Тналиналардың суреттері орын тапты.

Еске сала кетейік, КСРО ІІХК 1937 жылғы 15 тамыздағы №00486 бұйрығымен қоғам қайраткерлерінің отбасыларының мүшелері жаппай қудалауға ұшырады. Бұл құжат кінәсіз жандарды түрмеге қамап, ең алдымен қайраткерлердің жұбайларын лагерьлерге айдауға түрткі болды. Қысқа мерзімнің ішінде 18 мың әйел қамауға алынды, олардың 8 мыңы Ақмоладағы лагерьде өз мерзімдерін өтеді. 

2442 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper