Анонс
Super User

Super User

Зеренді ауданы аумағында қола дәуіріне жататын тұрмыстық бұйымдар табылды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісіне Ақмола облыстық мәдениет басқармасы жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі орталық басшысы Талғат Ыбраев мәлім етті.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері тапқан Оғыз дәуіріне жататын жауынгердің бейітінен табылған жәдігерлер университет музейіне тапсырылды.

«Менің де кітапханам Әуезовтің кітапханасы сияқты сол күйінде сақталса деймін» деп ертеңіне алаңдаған Қадыр ақынның  арманы орындалды. Орал қаласында қазақтың аяулы ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы ашылды. Жақында 80 жасқа толатын ақынның мерейтойы қарсаңында осы орталықтың пен ақынға арналған екі ескерткіш ашылды.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қалалық кеңесі америкалық кинематография өнеріне арналған  музей салу жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2 шілде күні сағат 16.00-де Астана күніне орай «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтеді.

Қостанайға Санкт-Петербург қаласынан балауыз мүсіндер көрмесі келді. Онда қостанайлықтар «Сталиннің», «Рузвельттің», «Черчилльдің» қасына отырып, суретке түсе алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде 3 шілде күні сағат 17.00-де Жапон қоры халықаралық жобасының «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

«ҚР минералдық ресурстар академиясы» Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Виктор Дейнека облыс әкіміне хат жазып, онда Қостанайдағы геологиялық музейді сақтап қалу үшін оны қаржыландыру проблемасын көтерген болатын. Жақында осы мәселені назарда ұстаған Нұралы Сәдуақсов геологиялық музейге өзі барып, мәселенің мән-жайына қанықты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «Тарихи фотосуреттер» республикалық  фотобайқауы жалғасуда,  деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

«National Geographic» әлемнің бірнеше қалаларындағы тегін қызмет көрсететін музейлер тізімін топтастырды. Шетелге туристік сапармен жиі шығатын отандастарымыз үшін музейлер жайлы пайдалы кеңес ұсынамыз. 

Медиа

JoomShaper