«Вечная слава героям» жинағына павлодарлық музыканттар мен орындаушылар жаңартқан 20 ән енді.
- Бұл майданда, Қазақстанның алыс қыстақтарда радио арқылы айтылған әндер. Әндер жинағы музыкатанушы Наум Шафер мен оның жұбайы Наталья Капустинаның есінде сақталған әндер, - дейді Т. Корешкова.
«Вечная слава героям» әнін (музыкасы М. Блантердікі, сөзі В. Соловьёв Седойдікі) бүгінде Америкада тұратын Андрей Корчевский еске түсіруге көмектескен. Музыкалық жинаққа «Сюрприз» вокал тобының орындауындағы «Варежки» әні енді.
- Павлодарлық композитор Садық Каримбаевтың «Жарық» әнін соғыс жылдары радиода ағайынды Абдуллиндер орындаған. Алайда күйтабаққа бұл ән жазылмаған. Бұған қоса, бұл жазбалар Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігіндеде сақталмаған. «Сеспель» көркемөнер ұжымы «Жарық» әнін жандандырып, оның орындауында туынды жинаққа енгізілді, - дейді Т. Корешкова.