Бұл маңызды дүние тарих, заңтану, өнер және спорт факультетінің негізінде құрылып отыр. Аталмыш шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған қатысты. Ол өз сөзінде осы тектес кабинеттер мен музейлердің қашанда қажеттілігіне тоқталды, жас тарихшылардың өз білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіруге жол ашатындығын тілге тиек етті. Осы орайда, шараның Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналғандығын айта кеткен жөн.
Шараға қатысушылар назарына қазақ және өзге ұлт өкілдерінің киім-кешегі, бұйымдары, студенттердің өз қолымен жасаған заттары мен экспедициядан жиналған тарихи құнды дүниелер ұсынылды.
Көкшетау университетінде археология кабинеті мен этнография музейі ашылды
Жексенбі, 24 Мамыр 2015 23:54
KAZMUSEUM.KZ -
Көкшетауда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты филиалы, археология кабинеті және этнография музейі ашылды.