
Super User
Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде аса көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгер» атты көрме ашылды.
Түркістандағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықтағы жәдігерлерді көруге 30 мыңға жуық турист келген
Өткен жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталықтағы жәдігерлерді көруге 30 мыңға жуық турист келген. Бұл туралы Шымкенттегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мәлім етті.
Ақтауда өткен Павлодар музейінің көрмесінде 6,5 млн. жылғы экспонаттар таныстырылды
Маңғыстауда Павлодар облысының Мәдениет күндері аясында Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды. Бұл жерде Ертіс өңірінің тарихымен, әлеуметтік және экономикалық дамуымен байланысты түрлі жәдігерлер қойылды.
Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің екінші жалпы отырысына қатысқан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев діндер мен мәдениеттер диалогының тарихын зерттейтін Съездің ғылыми мекемесі ретінде Бейбітшілік пен келісім музейін салуды ұсынды.
Көкшетауда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығына 550 жыл» атты өңіраралық музей фестивалі өтті, деп жазады inform.kz тілшісі.
Абай оқыған 50 кітап ел назарына ұсынылды
Семейдегі Абайдың республикалық қорық-музейінде "Баламды медресеге біл деп бердім..." деген атаумен көрме ашылды.
Астана вокзалына ерекше пойыз табан тіреді. «РЖД» ААҚ-ның жылжымалы көрмелік-лекциялық кешені Жеңістің 70 жылдық мерейтойы құрметіне сапарға шыққан.
Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-тағы «Метрополитен» өнер музейінде сақтаулы
Атақты Жәнібек ханның дулығасы АҚШ-тағы "Метрополитен" өнер музейінде сақтаулы тұр. Бұл туралы «Қазақ хандығына 550 жыл» атты өңіраралық музей фестивалі шеңберінде өткен «Музей раритеттеріндегі Қазақ хандығының тарихы» ғылыми-практикалық конференциясында Новосібір мемлекеттік университетінің археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Леонид Бобров баяндама жасап, жаңалық ашты, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.
Бакуде І Еуропа ойындарына арналған музей ашылады
Бакудің Олимпиада стадионындаІ Еуропа ойындарына арналған мұражай ашылады. Бұл туралы Әзербайжан жастар және спорт министрі Азад Рагимов айтты деп хабарлады Trend.
Семейдегі Абай мемлекеттік қорық-музейінің қызметкерлері Омбы қаласының мұрағатынан Абайдың ұлдары Мағауия мен Тұрағұлдың өміріне қатысты жаңа деректерді тапты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.