Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана күніне және Ұлттық музейдің 1 жылдығына орай «Мәңгілік ел» атты концерт өтеді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Фолиант» баспасынан «Қазына» сериясымен жарық көрген «Алғашқы қадамдар» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Бүгін Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысы картасының жаңартылған нысандарының макетін таныстыру салтанаты өтті.  

Ертең, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана күніне және музейдің бір жылдығына орайластырылған бірнеше мерекелік іс-шара өтеді.

ҚР Ұлттық музейінде Астана күніне орай өткен «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел кезінде музей директоры Дархан Мыңбай Ұлттық музей ғимаратының сырымен бөлісті.

Астанада қаласында елорданың алғашқы құрылысшыларына арнап ескерткіш тұрғызған дұрыс. Бұл пікірді бүгін ҚР Ұлттық музейінде өткен «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел кезінде музей директоры Дархан Мыңбай айтты.

Ертең «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жаңадан бой түзеген Қызылорда облысы макеттерінің тұсаукесері өтеді.

Бүгін - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің құрылған күні.  Ұлттық музей - Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Музей «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 675 Қаулысы шықты. Музей өз қонақтарын ресми түрде 2014 жылдың 2 шілдесінен бастап қабылдады. Елбасымыздың өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып Дархан МЫҢБАЙ тағайындалған болатын.

2012 жылы күзде Батыс Қа­зақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданынан «алтын адам» тапқан болатын.

Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Алтын орда» залының қақ төрінде ежелгі қыпшақ жауынгерінің мүрдесі тұр. Қасында семсері жатқан осы мүрдеге қарап ақиық ақын Жұбан Молдағалиев «Суырылмай қалған семсер туралы» деген өлең жазып қалдырған.

Медиа

JoomShaper