Анонс
Super User

Super User

Ертең, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасы аясында «Ұлылармен сұхбат» көрмесі ашылады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, сонымен қатар, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану музейінің мұрындық болуымен тарихи-этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Маусымның 28-ші жұлдызында Семей-Қарасу-Саржал бағыты бойынша жол тартқан экспедиция мүшелері шілденің үшіне дейін Абай топырағында болып, қорымдар мен елдімекен орындарын көздерімен көріп қайтты. Экспедиция барысымен танысу мақсатында экспедицияның басы-қасында жүрген Семейдегі тарихи-өлкетану музейінің директоры Бекен Теміровпен сұхбаттасқан едік.

Euronews телеарнасының Қазақстанның сәулетті жерлеріне арналған «Қазақстаннан ашық хат» деп аталатын айдарындағы кезекті танымдық сюжеті еліміздің Тараз қаласындағы ең әдемі кесенелерінің бірі, мәңгілік махаббат ескерткіші – Айша Бибі мазарына арналған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 «Алтын Алтай - аймақ дамуының басты байлығы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және Еуропалық комиссия, Махаон Интернешенел (Словакия) компаниясы арасында жасалған ауыл туризмін дамыту жөніндегі ынтымақтастық меморандумына орай Катонқарағай ауданындағы Берел қорық-музейінде «Көшпенділер» атты лэнд-арт симпозиум өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында (ҚазҒЗМИ) Смитсон институты (Вашингтон, АҚШ) Ұлттық музейі Азия мәдениетін зерттеу бағдарламасының басшысы, доктор Пол Майкл Тэйлордың «Музей, тарихи объектілер және мәдени орталықтардың жетілдірілген менеджменті» тақырыбындағы семинары өтті.  

Семейдегі Абай қорық-музейі шетелдік туристердің назарында болып отыр.

Башқұртстанның ұлтық музейі балалардың кітап көрмесін ұйымдастыру үшін Уфа тұрғындарынан көмек көрсетуді сұрады. Қызметкерлер музейге ХХ ғасырдың балалар әдебиетін (өлеңдер, ертегілер, әліппелер мен оқулықтар ) сыйға тартуды өтінді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі. 

Ресейдің қиыр шығысы Владивосток порты маңайынан 2,8 мың жылға жуық тарихы болуы мүмкін көне тұрақ-жай табылды, деп жазады baq.kz сайты. 

Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасы Ораза айты мерекесіне орай зиялы қауым мен оқырмандар арасында кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Банкротқа ұшыраған италиялық Bertone компаниясы музейдегі барлық экспозициясын аукционға қойды. 79 ерекше көліктің бастапқы бағасы - 1,06 миллион еуро. Бұл туралы alVolante басылымы хабарлайды.

Медиа

JoomShaper