Анонс


Қостанайлықтар тарихи тұлғалардың балауыз мүсіндерін тамашалауда

Сейсенбі, 30 Маусым 2015 10:21
Қостанайлықтар тарихи тұлғалардың балауыз мүсіндерін тамашалауда KAZMUSEUM.KZ -  

Қостанайға Санкт-Петербург қаласынан балауыз мүсіндер көрмесі келді. Онда қостанайлықтар «Сталиннің», «Рузвельттің», «Черчилльдің» қасына отырып, суретке түсе алады.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне орналасқан көрмеде қостанайлықтар әлемге танымал тарихи тұлғалармен – саясаткерлермен, императорлармен, патшалармен, өнер жұлдыздарымен, тіпті мультфильм кейіпкерлерімен «кездесе алады». Мысалы қостанайлықтар Иван Грозныйды І Петрді, П Екатеринаны, Романовтар отбасын, Сталинді, Рузвельтті, Черчилль мен и Че Гевараны айтпай таныды. Сонымен қатар, шоу бизнес жұлдыздары актер Дени Де Вито, музыкант, әнші Адриано Челентано, итальян актрисасы Джульетта Мазина және тағы басқалар да қостанайлықтар назарын ерекше аударды.
Көрмеде «Хэд-лайнерлары» мультфильм кейіпкерлері болды. Шрэк, Маша, аңызға айналған қоян мен қасқырды балалар көп қызықтады. Көрмені қостанайлықтар тамыз айына дейін тамашалайтын болады.

 
2089 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper