Оның айтуынша, қола дәуірге жататын тарихи құнды зат Зеренді ауданындағы Кенеткөл ауылының маңында қорымнан Астанадағы Еуразиялық ұлттық университеті мен Якутиядағы Амосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды институтының студенттері және Көкшетаудағы "Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары жүргізген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.
"Қазба жұмыстары кезінде біз қола дәуіріне жататын тұрмыстық ыдыстар мен сүйектен жасалған бойтұмар тауып алдық. Біздің пайымдауымызша, табылған заттар Андронов мәдениетіне тән. Оған ыдыстарда безендірілген белгі-суреттер айқын дәлел. Сонымен қатар осы екі қорымнан сол заманда дүниеге келген сәбидің де сүйегі табылды. Қазіргі кезде бұл маңда барлығы төрт қорым тіркелген. Сондықтан қазба жұмыстары одан әрі жүргізе беретін боламыз", - дейді Талғат Ыбраев.