1. Ұлыбритания: Лондон.
1976 жылы ашылған Лондан Музейінде (Museum of London) антикалық заманнан бастап 20 ғасырға дейінгі тарихи кезеңді қамтитын ірі коллекциялық құнды заттар бар. Музейдің ең басты көрнекті дүниесі ретінде Лондонның лорд-мэр күймесін атауға болады. сонымен қатар, бұл музейдің Доклендс қаласында порт тарихына арналған филиалы бар. Екі мекемеге де кіру еркін: жұмыс кестесі – күнделікті 10.00 ден 18.00ге дейін, рождество мейрамдарынан басқа күндері.
Лондондағы ең танымал музейлерінің қатарында келушілерді тегін қабылдауымен ерекшеленетін Ұлттық галерея (National Gallery), Британдық музей(British Museum), Виктория және Альберт музейі (Victoria and Albert Museum), Британдық Тейт галереясы (The Tate Britain) музейлерін де атап өтуге болады.
2. Германия: Берлин
Мемлекеттік әскери-тарихи (Militärhistorisches Museum der Bundeswehr — Flugplatz Berlin-Gatow) музейі бұрынғы әскери аэродромда орналасқан. Бұл жерде ашық аспан астында және ангарларда көптеген әскери техникалар қойылған. Соның ішінде кеңестік техникалар бар екенін де атап өткен жөн. Музей дүйсенбіден басқа күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін ашық.
Негізінен неміс астанасында 20-30 шақты тегін музейлер бар. Солардың ішінде атап айтар болсақ: Берлиндік монета ауласы музейі (Museum der Staatlichen Münze Berlin), антикалқы скульптуралардың көшірме бедерінен құралған (Abguss-Sammlung Antiker Plastik) музей және Германиядағы «Көз жасы сарайы» (Дворец слез» (Tränenpalast) келушілерге тегін қызмет етеді.
3. АҚШ: Нью-Йорк
Байырғы американдық үндістердің тұрмысына, тіліне, әдебиетіне, тарихы мен өнеріне арналған Ұлттық музейде (National Museum of the American Indian) 800 мыңнан астам бұйымдар мен 125 мың фотосуреттен тұратын коллекция ұсынылған. Оны 1903 жылдан бастап 54 жыл бойы антиквар Джордж Густав Хей жинақтаған. Музейді 25 желтоқсаннан басқа күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (бейсенбі күні сағат 20.00-ге дейін) тегін тамашалауға болады.
Нью-Йоркте ақша шығындамай-ақ скандинавия мәдениетімен (Scandinavia House: The Nordic Center in America), Америка тарихымен (Federal Hall National Memorial), заманауи өнермен (The Bronx Museum of the Arts) және федералдық резерв банк музейімен (The Federal Reserve Bank) танысуға болады.
4. Финляндия: Хельсинки
Қалалық музейдің басты ғимаратында (Helsingin kaupunginmuseo) Хельсинкидің 450 жылдығына арналған экспозиция ұсынылған. Сонымен қатар қала бойынша қонақтарды тегін қабылдайтын 5 филиалы да бар. Олардың қатарына трамвай музейі, жұмыс тұрмысы және көне Хакасалми шаруа мекенін атап өтуге болады. Ал Бюргер уйі мен Седерхольма үйіндегі балалар қалашығы 2016 жылға дейін жөндеу жұмыстарына жабылған.
Хельсинкийдегі қалалық музей демалыссыз жұмыс күндері сағат: 09.00-ден 17.00 -ге дейін ( бейсенбі күндері сағат 19.00-ге дейін), сенбі және жексенбі күндері сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ақысыз қабылдайтын басқа да мекемелер қатарында – Финляндия Банкі Музейі (Suomen Pankin Rahamuseo), Күнделікті газет музейі (Päivälehden museo), Taidehalli заманауи өнер және дизайн музейі т.б музейлер бар. Басты және танымал музейлер белгіленген уақытта ғана тегін қабылдайды, ал, басқа күндері ақылы түрде жұмыс істейді. Мысалы, орасан зор Kiasma көркем галереясына билетсіз әр айдың алғашқы жұмасында сағат 10.00-ден 20.30-ге дейін бір рет тамашалауға болады.
5. Франция: Париж
Қалалық Әсем өнер музейі (Musée des Beaux Arts de la ville de Paris) 1900 жылы Парижде өткен Дүние жүзілік көрменің Кіші сарайындағы павильонда орналасқан. Экспозициясында – грек, рим және египет өнерінің туындылары, орта ғасыр және Ренессанс кезеңі заттары, кітаптар жинағы, XVI-XVII ғ.ғ. голландттық және фломандық шеберлердің суреттері, Делакруа және Сезанна жұмыстары қойылған.
Музей дүйсенбі мен мемлекеттік мейрамдар күнінен басқа жұмыс күндері сағат: 10.00-ден 18.00-ге дейін ашық. Негізгі экспозицияны көру тегін; ал уақытша экспозицияларды тамашалау үшін билет ақылы. Дәл осындай әдіспен Франция астанасында Романтикалық өмір музейі ( Musée de La Vie Romantique), Бальзак үйі (Maison de Balzac), Париж тарихы музейі, Карнавал музейі (Musée Carnavalet — Musée de l’histoire de Paris) және т.б. музейлер жұмыс істейді.
6. Аргентина: Буэнос-Айрес
Аргентина астанасының басты қалалық музейі, Ұлттық өнер музейі, келушілерден ақы алмайды. Музей сейсенбіден жұмаға дейін сағат 12.30-дан 20.30-ға дейін, сенбі- жексенбі күндері 09.30-дан 20.30-ға дейін тегін қызмет көрсете алады.
Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері