Анонс


Астаналықтар Жапониямен жақын таныса алады

Сейсенбі, 30 Маусым 2015 10:16
Астаналықтар Жапониямен жақын таныса алады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде 3 шілде күні сағат 17.00-де Жапон қоры халықаралық жобасының «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Жапония Елшілігімен ынтымақтаса отырып ұйымдастырылады, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметінен.

Жапон қоры 1972 жылы құрылған, Жапония және шет елдердің арасындағы өнер мен мәдениет алмасу арқылы халықаралық диалогты нығайту саласында жан-жақты қызметтерді жүзеге асыратын қоғамдық ұйым. Қор қызметінің бірден-бір бағыты - дүние жүзінде жеке коллекциялардан түрлі турлар мен көшпелі көрмелер ұйымдастыру болып табылады.

Экспозиция 23 жапондық фотосуретшілердің 76 туындысынан құралған, 2 бөлімнен тұрады. Сондай-ақ көрме аясында «Жапония - қазақстандықтардың көзімен» айдарымен Жапонияда болған қазақстандықтардың жеке түсірген фотосуреттер жинағы көрермен назарына ұсынылады.

Сондай-ақ көрменің алдында көпшілік назарына ұсынылған туындылардың авторларының бірі Рюджи Миямото мырзаның дәрісі өтеді. Ал бірінші қабаттың атриумында жапон оқушыларының жұмыстарынан блиц-көрме ұсынылады.

Көрме көпшілікке Жапония әлемінің беймәлім тұстарымен танысуға мүмкіндік бермек. Жапон фотографтары өз туындыларында бір сәттік уақыт пен оқиғаларды қамтып, Жапонияның экономикалық өрлеу кезеңі мен бүгінгі күнге дейінгі қоғам мен табиғатта болып жатқан сансыз өзгерістерді қалт жібермей, сырлы сезімдерімен бөлісу үшін асқан шеберліктерін таныта білген.

«Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» көрмесі 2 тамызға дейін жалғасады.

 

 

 
4276 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper