Анонс
Super User

Super User

Әр халықтың тарихын, тегін тану үшін тарих, археология және физикалық антропология ғылымдарымен қатар, генетика ғылымының да берері мол. Антропология батыс елдерінде – Германия, Франция, Англия және Италияда жетік дамыған. Ал Италиядағы Болонь академиясының мүше-корреспондентіне қабылданған жалғыз қазақ бар. Ол – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлов. Біздің әңгімеміз де антропология, археология мәселесінің бүге-шігесіне арналды.

Алматы облысы, Сарқан қаласының қолөнер шебері Мұратбек Тальяти ағаштан, сүйектен, теріден жасаған бұйымдарын аудандардың мәдени күндері шеңберінде көрмеге қойып, бұл көрмесін Қазақ Хандығының 550 жылдығына арнады, деп хабарлайды kazmuzeum.kz тілшісі.

Түркияның Сагаласос атты ежелгі қаласынан 2200 жылдық сауда ғимараты табылды, деп хабарлады trt.net.tr сайты.

ORENAIR әуекомпаниясы Орынбор облысының азаматтық авиация музейіне бұған дейін қоймадан шығарылған 3 ұшақты сыйға тартты, деп жазады "РИА Новости" агенттігі.

Өскенменде мұғалімдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның  білім беру тарихына арналған музей ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Шешенстанның Беной ауылының маңында этнографилық музей ашылды. Музейдің ашылу салтанатына Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров қатысты, деп жазады Шешенстан үкіметінің баспасөз қызметі. 

Освенцим музейі келушілер саны бойынша жыл рекордын жаңартты, деп жазады The Jewish Chronicle сайты.  

Осыдан 2 жыл бұрын Үржар маңынан сақ ханшайымының мүрдесі табылған болатын. Қазба жұмыстарының жетекшісі, Павлодардағы педагогикалық институттың архелогиялық зерттеулер орталығының директоры Тимур Смағұлов сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде болашақта туристерге арналған музей салуға болатынын айтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында «Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.   

Тарихи ескерткіштердің жанында туыстарын жерлеу бай-манаптардың арасында сәнге айналған, - деп хабарлайды "Алматы"телеарнасы. Әсіресе, 550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығының қалыптасуына өзіндік үлесін қосқан билер мен қолбасшылардың жанында мұндай зираттар көбейіп кеткен.

Медиа

JoomShaper