Анонс
Super User

Super User

Ресей Ғылым Академиясына қарасты Археология институтының қызметкерлері біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында жерленген ақсүйек сармат әйелінің қорымын тапты, деп хабарлайды институттың хабарламасына сілтеме жасаған N+1 басылымы.

Жетісу ақындарының алтын діңгегі, Жамбылдың пірі - Сүйінбай Аронұлының қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеев салған суреті Солтүстік Қазақстан облыстық музейінен табылды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті «Сирек сурет республикалық Өнер музейінде емес, облыстық музейде тұр» деген мақаласында жазған.

Қостанай қаласында Батыс Қазақстан облысының мәдениеті күндерінің өткізілуіне орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жабдықталған «Батыс Қазақстан – Еуразия жүрегінде» атты тарихи-этнографиялық көрмесі ашылды. 

Әбілхан Қастеев шығармашылығындағы тарихи тұлғалардың ішінде Абай есімі ерекше орын алғандығы даусыз. Қылқалам иесі өмірінің әр кезеңінде Абай тақырыбына қайта айналып келіп, ұлы ақын тұлғасының ерекше, жаңа қырын аша түскен туындылар жасаған. Абай бейнесі, Абай тақырыбы суретші үшін ғұмырлық тақырып болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері ҚР БЖҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірге экспедиция ұйымдастырды. 

Мәскеуде оқитын отандасымыз, жас қаламгер Аягүл Мантаеваның музей ісіне қызығушылығы ерекше. Ресей музейлерін аралап, Қазақстан музейлерімен салыстырған Аягүл Мантаева біраз ой түйіп, ресейліктер мен қазақстандықтардың музейге деген көзқарасы жайлы өз пікірін «Алматы ақшамы» газетінде жариялаған екен.

Өскемендегі Шығыс Қазақстан өнер музейінде Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты халықаралық суретшілер плэнері өтті, деп хабарлады музей әкімшілігінен.

Әлем елдерінде нәзік жандыларға арналған түрлі музейлер бар. Талай ақындар, композиторлар мен жазушылардың шығармаларына арқау болған әйел қауымы – әдемілік пен нәзіктіктің символы екеніне ешкім дау айтпас. Тек қана  көрікті арулар, аналар туралы сыр шертіп, есімдері тарих бетінде мәңгіге қалған қыз-келіншектердің ерлігі немесе әйел қауымының қолынан шыққан шығармашылық туындылар қойылған музейлер бүгінде сан мыңдаған туристер саяхаттап баратын мәдениет орынына айналған. Дәл осындай әйел қауымына арналған айрықша музей Қазақстанда да бар.    

Қазақстандағы музейлердің ішінде Ә.Қастеев атындағы өнер музейі еліміздегі көркемсурет өнерінің тарихы мен бүгіні жайлы жайлы сыр шертетін қарашаңыраққа айналып үлгерді. Жуырда Vlast.kz интернет журналында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаеваның сұхбаты жарық көрді. Назарларыңызға сұхбаттың ықшамдалған нұсқасын ұсынамыз.

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2015 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады. Назарларыңызға музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша білім гранттарын иеленген талапкерлердің тізімін ұсынамыз.

Медиа

JoomShaper