Анонс
Super User

Super User

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту аясында Тараз қаласындағы 15 тарихи мұра қайта жаңғыртылды. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің "Елдің тарихы мен мəдениеті - Болашағы тұтас ұлт" тақырыбында өткен брифинг барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Тәкен Молдақынов айтты.

“Жас Алаш” газетiнiң өткен нөмiрiнде (16шiлде, 2015 жыл) Ұлдай Ибадуллаеваның “Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” деген мақаласы жарияланды. Обалы не керек, мақала – жақсы, ойлы мақала. Қазақ тарихындағы ел басқаруға араласқан дана, бiлiмдi, бiлiктi әйелдер­дiң бiразын автор өз мақаласына арқау етiптi. Мұндай бастаманы, сөз жоқ, қолдау керек.

Биыл Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Біз өз мақаламызда осы қорық жұмысы туралы азды-көпті баяндауды жөн санадық.

Қарағандыдағы Ебіней Бөкетов атындағы ҚарМУ жанындағы архео­­­логиялық институт экспедициясы соңғы жылдары жұртшылықты тың жаңалықтармен қуантып келеді. Жақында олар Қарағанды облы­сы­ның, Қарқаралы ауданындағы Бесоба ауылының маңында  қазба жұ­мыс­­тарын жүргізіп, қорымнан алтын сырғалар мен үш айылбасты тапты.

Мәскеудегі Иванов Ұлттар үйінде қазақстандық суретшілердің көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты Ақкөл ауылдық округінде тарихы тереңде жатқан көне мешіт бар. Бұл тарихи нысан Семей шаһарынан 30 шақырым жерде орналасқан. 

Қазақ жерінде алғаш рет жарық көрген  басылым ретінде  «Қазақстан» газетінің тарихына ғалымдар ерекше қызығушылық танытып отыр. Әсіресе, сол кезде газет бетінде жарияланған ақпараттар көпшіліктің назарын өзіне аудартпай қоймайды.  

Семейдегі Абай мемлекеттік қорық-музейі Ресейдің Орынбор қаласындағы облыстық бейнелеу өнері музейімен шығармашылық меморандумын бекітті. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады.

Батыс Қазақстан облысына Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының «Батыс Қазақстан облысының эпиграфикалық ескерткіштері» жобасы бойынша экспедициямен келген ғалымдар құлпытастарға зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Калининград облысында еріктілер Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болғандар жерленген зираттардың біріне  абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан шақта құпия қойманың үстінен шықты. 

Медиа

JoomShaper