Анонс


Сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде музей кешені ашылуы мүмкін Таңдаулы

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2015 13:12
Сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде музей кешені ашылуы мүмкін KAZMUSEUM.KZ -  

Осыдан 2 жыл бұрын Үржар маңынан сақ ханшайымының мүрдесі табылған болатын. Қазба жұмыстарының жетекшісі, Павлодардағы педагогикалық институттың архелогиялық зерттеулер орталығының директоры Тимур Смағұлов сақ ханшайымының мүрдесі табылған жерде болашақта туристерге арналған музей салуға болатынын айтады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Алдағы уақытта археологтар мен реставраторлар бұл жерді әуелгі қалпына келтіреді деп сенем. Осылайша Шығыс Қазақстанда керемет туристік орталық ашылады. Сақ ханшайымының мүрдесі табылған жер күре жолдан алыс емес. Бұл жер Қазақстан, Қытай, Батыс Сібір үшін де жақын жер. Күнделікті бұл жолмен мыңдаған адам жүреді. Егер музей кешені салынатын болса, үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз, – дейді Тимур Смағұлов жергілікті билік өкілдерінің ғалымдарға көмек беретінін ескеріп.

Үржарда табылған ескерткіштер мұнымен шектелмейді. Оның жанында көптеген қорғандар бар. Қазір біз ұжым боп осы жерді туристерге арналған музей кешені ету жобасын қолға алып жатырмыз, деп атап өтті ол.

2013 жылы Тимур Смағұловтың экспедициясымен табылған мүрде тосын жаңалық болды. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың зерттеуімен «сақ ханшайымының мүрдесі» деп БАҚ өкілдері жарыса жариялады. Бұл Таскескен – Бақты автожолын күрделі жөндеуден өткізіп жатқан аймақта табылды.

Экспедициялық қазба жұмысы кезінде қорғанның 1,7 метр тереңдіктен жас қыздың мүрдесі салынған тас саркофаг шықққан.

Біздің топ қазір консервациялаумен айналысып жатыр. Табылған дүниелерді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл біздің заманымызға дейін мың жыл бұрын өмір сүрген өте беделді, мәртебелі әйелдің мүрдесі екенін көрсетіп отыр. Ең қызығы, оның бас жақ бөлігінде қасиетті құстың бейнеленуі, – дейді Тимур Смағұлов.

Оның айтуынша, сақ ханшайымының бас жақ бөлігінде бедерленген дүниелер өнердің ең биік шыңы іспеттес.

Бұл өте тартымды әрі қиын, оның үтсіне алтыннан жасалған өрнек. Қазір бұл жұмыспен атақты реставратор (қалпына келтіруші маман) Қырым Алтынбеков айналысып жатыр. Оның тәжибелі маман екендігін ескерсек, жұмыс оң нәтиже көрсетеді деп сенеміз, – деді Тимур Смағұлов.

 

Фото: VizitKazakhstan

 

 
2599 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper