Ашық аспан астындағы музейдің ашылу салтанаты 2015 жылдың 17 тамызында вакзал маңындағы халықаралық «Орынбор» аэропорты аймағында өтті. Жәдігерлер арасында - « Орынбор әуежолы» АҚ облыс меншігіне табыстаған Ту-154, Ту-134, Ан-24 ұшақтары қойылды.
Сонымен қатар экспозиция құрамына Як-40 ұшағы және МИ-2 тікұшағы да болды.
Салтанатты шараға Ресейдің атақты қайраткерлері, баспасөз өкілдері, Ор және Орынбор балалар үйінің тәрбиеленушілері, әуекомпания және аэропорт қызметкерлері қатысты. Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг музейдің құрылысы мен дайындығына атсалысқан әуе кәсіпорын ардагерлеріне алғысы мен құттықтау сөздерін жолдады.
Фото: open.kz