
Super User
«Үкілі үміт» жобасы аясында Анар Әубәкірдің көрмесі өтеді
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі 100 жылдығын атап өтуде
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылғанына биыл 100 жыл толды. Ғасырлық тарихы бар мәдени орын құнды жәдігерлерге бай. Солардың бір парасын музей қызметкерлері жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.
«Бұланты шайқасы» диорамасының ашылу рәсімі өтті
Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бұланты шайқасы» диорамасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
«Нұр Отан» партиясы ел назарына құжаттық көрме ұсынады
ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ мен «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының Ата Заңына – 20 жыл» атты құжаттық көрмесін өткізді.
Павлодарлық балалар үйі өз музейлерінің қорын толықтыруда
Павлодар облысы Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылындағы балалар үйінің 70 жылдық тарихы бар. Бүгінде мекеме басшылығы 1945 жылдан бастап аталмыш балалар үйінен түлеп ұшқан азаматтардың тізімін жасап, музейлерінің қорын толықтырып жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Жәдігерлерімен бірге 1945 жылы жоғалып кеткен пойыз табылды
Польша үкіметі фашистердің «алтын пойызының» табылғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады 24KZ арнасы.
Қазақстанда тарихи және мәдени ескерткіштер жаңғыртылады
«Мәдени мұраның» жаңа бесжылдық жоспарында Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қайта қалпына келтіру қамтылған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.
Қазақ тарихында патшалық билік жылдарында орыс азаматтарының пікірі негізінде тарихи тұлғасы біршама жағымды бағаланған, ал хан атаулының көпшілігіне қара бояу жаққан кеңестік билік жылдарында халыққа біржақты жағымсыз түрде бейнеленген хандар бар. Солардың бірі – Жәңгір хан (суретті салған автор – Т.О.). Ал мұның өзі хан ретінде емес, тіптен адам ретінде Жәңгір тұлғасын жан-жақты ашуға еш мүмкіндік бере қоймады. Тарихи шындықты әркім еркін айта алатын болған қазіргі заманда ақиқат жоғарыда көрсетілген екі пікірдің ортасында деуге негіз бар.
Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия президенті Томислав Николич бүгін ҚР Ұлттық музейінде болды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Бердібек Сапарбаев Қазақ хандары мен қайраткерлерінің рухына Құран оқытты
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданындағы Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 55O жылдық мерейтойына арналған республикалық шара өтті. Қасиетті Бөкей топырағына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы келіп, бабалар рухына Құран бағыштады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайтының тілшісі.