Анонс
Super User

Super User

Таяуда елордада Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтіп, оған Сібір және Орта Азия халықтарының мәдениетін зерделеу және ілгерілету қорының президенті, этнография докторы Кармен Арнау Муро арнайы қатысқан еді. Орайы келгенде ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген К.А.Муро Қазақстанды өз зерттеулері аясына қосудағы жоспарларымен бөлісті. 

Бельгиялық ғалымдар реттелмеген мұрағат арасынан ең ұзын мысырлық манускрипт тапты, оның жасы 4 000 жылды құрайды, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымдар Оңтүстік Африканың «Жаңа туып келе жатқан жұлдыз» үңгірінен Homo naledi атты ежелгі адамның белгісіз түрінің сүйектерін тапты, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.

Археологиялық жұмысты күшейтіп, тарихи жерлерге жолдар жасау керек. Бұл туралы Көкшетауда «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Әзербайжан мәдени бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, тарихшы, ғалым Видади Салахов айтты, деп жазады BNews.kz тілшісі.

Алматы метросында монументалды жанрдың «Нұрлы жол  өнер жолы» көрмесі ашылды. Мәдени шараны Алматы күні айлығына орай Алматы әкімдігі, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы, «Метрополитен» МКК, ҚР Суретшілер одағының өнер музейі ұйымдастырды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Абылай ханның оңтүстік өңірдегі ордасы болған орны анықталып, ғылыми негізде дәлелденді. Бұл соңғы кездері археологтар тапқан үлкен жаңалық болып тұр, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.   

 Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы бабалар жолы» атты суреттер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге келушілер ҚР халық суретшісі Ә.Ысмайылов және елімізге белгілі суретшілер К.Муллашев, Е.С.Айтуаров, И. Ачилов, С. Смағұлов, Н.А.Терещенко, А.Баяндин, М.С.Байтеновтың туындыларымен таныса алды. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеде қолөнер шеберлері Б.Әлібай және Т.Г.Мукашевтің жұмыстары  қойылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Абай мұраларына арналған көрме ашылады

Бөлім:  Көрмелер
Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2015 09:46

Алматыдағы Сирек кездесетін кітаптар музейінде Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Ақтөбе облысындағы Алға ауданына қарасты Болгарка ауылында осыдан бір ғасыр бұрын қоныс аударған болгар ұлтының ұрпақтары тұрады. Этнографиялық музей үйі осы жергілікті болгарлардың құрметіне орай ашылып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Ғалымдар Қазақстан тарихын мектептен бастап емес балабақшадан бастап оқытуды ұсынды, деп жазады khabar.kz сайты.

Медиа

JoomShaper