Анонс


Өскеменде жаңа музей ашылады

Сәрсенбі, 19 Тамыз 2015 15:37
Өскеменде жаңа музей ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

Өскенменде мұғалімдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстанның  білім беру тарихына арналған музей ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Ақпарат бөлімінің мәлімдеуінше, қазірден бастап болашақ топтамалар үшін экспонаттарды жинақтау жұмысы жүріп жатыр.

- Көпшілігіміз үшін мектеп – балалық шақтың, достықтың, армандар мен алғашқы махаббаттың, ең бастысы білімнің мекені.  Біз бірінші сыныпқа кішкентай, әлі бір-бірімізді танымайтын ортаға келеміз. Ал мектептен  оқу жылдары барасында бір отбасыға айналған жасөспірім болып шығамыз. Сондықтан да бізді мектеппен байланыстыратын мұғалімдерімізді және сыныптастарысмызды есте сақтауымыз маңызды. Бүгінде Өскеменн қаласында болашақ музейге экспонаттар жинастыру жұмыстары жүріп жатыр,- дейді тәрбие жөніндегі проректор Ровнякова И.В.

Музей С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ жанынан ашылады. Музейдегі көрмелердің көмегімен облыс тұрғындары ШҚО білім беру жүйесінің , яғни мектепке дейнгі және жоғары оқу орындарының   білім жүйесінің тарихы және заманауи білім беру технологияларымен таныса алады. ШҚО білім музейінде  әр жылдардағы кітаптар, аттестаттар, білім жүйесінің құжаттары, мектеп заттар, оқулықтар,білім берудегі техникалық заттар, педагогикалық еңбек марапаттарының куәліктері көрмеге қойылады. Сонымен қатар еңбегі сіңген мұғалімдер мен мұғалім-ардагерлерінің өмірбаяны мен педагогикалық және творчествалық қызметтері жайында мәліметтер болады. «Создадим музей вместе!» атты акция бойынша жәдігерлерді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың (Қазақстан көшесі, 55үй) әкімшілік бөлігінде қабылдайды.

Байланыс телефоны: 8/7232/252284 (ЦПК).

 

 

 

 
3209 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper