Анонс
Super User

Super User

550 жылдық тарихы бар Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстан жерінде 20-ға жуық мемлекет болған. Қазақ хандығы өзіне дейінгі сол мемлекеттердің заңды мұрагері. Бұл туралы AlmatyNews AA-нің тілшісіне берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев айтты. 

Оңтүстік Қазақстан облысында археологтар алғаш рет жауынгер әйелдің қабірін тапты. Жауынгер әйел толықтай қаруланған. Мамандардың болжамы бойынша әйел б.з.д. 2 ғасыр мен б.з. 4 ғасыр аралығында өмір сүрген. Сонымен қатар, әйелдің Қаңлы мемлекетіне тиесілі екені де анықталды.

Қарағандылық зергерлер «Сарыарқа кәдесыйлары» байқауында жеңімпаз атанып, «ЭКСПО - 2017» көрмесіне жолдама алды, деп жазады "Хабар" арнасының сайты. 

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында елімізде теңдесі жоқ «Анаға құрмет» музейі жұмыс істейді. Ашылғанына бір жылдан енді ғана асқан музей өңірдегі танымал нысандардың біріне айналды.

ҚР Ұлттық музейіне «Қазпошта» АҚ  2 данадан 924 пошта маркаларын сақтауға тапсырды.

Жыл сайын 1 мамырдан бастап «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені қалатұрғындары мен  қонақтарына есігін ашады. Биылғы жылы кешеннің ашылған күнінен бастап  оны тамашалауға 13 мыңға жуық адам келген. Ол туралы қалалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады. Танымдық-көркемдік кешен Қазақстанның тарихымен және елімізде тұратын халықтардың мәдениетінен сыр шертеді.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржан ауданының ғалымдары ауданның таңбалы тастарын зерттеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Археологтар 2013 жылы Үржардан табылған сақ әйелінің жасын анықтады. Жаңа әдіс арқылы мамандар ханшайымның біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүргенін анықтады.

Тарихшылардың зерттеуі бойынша Ұлытауда өңірінде тарихи ескерткіштердің саны 10 мыңнан асады. Бұл жөнінде ОКҚ-нің брифингінде «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің директоры Бахтияр Қожахметов айтты.

«Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келушілер саны жыл сайын артып келеді. Соңғы 6 айдың ішінде музейге жарты миллионға жуық адам келген. Бұл ақпаратты музей әкімшілігі өзінің ресми сайтында таратты.

Медиа

JoomShaper