Анонс
Super User

Super User

Мерзімді басылымдарда Кенесары хан жөнінде жиі жазылып келеді. Сол материалдарда батырдың портреті де қоса жарияланып жүр. Оған қазір жұрттың көзі үйренген болуы керек. Құжаттың ең құндысы, қымбаты дерек пен дәйекке негізделген сурет. Көзі тірісінде Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов «бұл портрет менікі» деп еді. Қолында растайтын құжаттары да бар болып шықты. Ақсақалдың сондағы айтқан сөзін қаз-қалпында беріп отырмын.

Ресейдегі Антропология және этнография музейінде (Кунсткамера) «Бір жәдігердің әлемі» атты жоба жүріп тұрады. Сол жобаның 2001 жылғы ең алғашқы этнографиялық жәдігері қазақтың сәукелесі болыпты. Себебі, музейдегі ең көне және ең құнды жәдігер осы сәукеле екен.

«Ұлы дала елі» экспедициясының мүшелері сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне ат басын бұрып, тарихымызбен танысып, рухани азық алып қайтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет шығармашылық ұжым мен режиссерлер арасында байқау өткізіледі, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тараз кешегісі, бүгіні, ертеңі» атты көрме жұмысын бастады, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.  

Қазақ хандығының 550 жылдығына ерекше сыйды павлодарлық археологтар жасап отыр. Екібастұз ауданындағы Әулиекөл ескерткішінен Қазақ хандығы қаланған тұстағы билеушілер ордасы мен кесенелер табылды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Семей облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлескен «Абай әлемі» атты көрме ашылды.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында қазақ тарихындағы ірі қоғам қайраткері, даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға арналған мемориалды кешен ашылды, деп жазады «Хабар» арнасының сайты.

Бүгін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан тарихшыларының үшінші конгресінде мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркіт Аяған 11 қыркүйекті Қазақстан тарихшыларының күні деп атауды ұсынды, деп жазады «Азаттық» тілшісі.  

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы мен облыс әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан ұйымдастырылған экспедиция барысында қызықты мәліметтер белгілі болды. Бұл бір мезетте Ақтау, Астана және Павлодар қалаларынан бастау алған республикалық экспедицияның жалғасы еді.

Медиа

JoomShaper