
Super User
Павлодарда музей қызметкерлеріне арналған халықаралық конференция өтеді
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының құрамындағы музей кешенінің 40 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы музейлердің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция жұмысы 2015 жылдың 27 қарашасына жоспараланған, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Кореялық бағдарламаның қазақстандық мамандарға берері көп (ФОТО)
Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтіп жатқан ҚР Ұлттық музейінің Археология және этнография бөлімінің ғылыми қызметкері Айдана Көптілеуова кореялық бағдарламаның сырымен бөлісті.
Ұлттық музей ұжымы академик Оразақ Смағұлға құрмет көрсетті
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде антрополог, ғалым Оразақ Смағұловтың мерейтойына арналған «Тұңғыш қазақ антропологы 85 жаста» атты салтанатты шара өтті.
«Есік» қорық-музейінің 5 жылдығы ерекше тойланды (ФОТО)
Алматы облысындағы «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы мен «Алтын адам» археологиялық ашылымының 45 жылдығына, «Есік» қорық-музейінің 5 жылдығына орай «Қорғандар сыр шертеді» және «Дәстүрлі жыр мерекесі» атты екі бөлімнен тұратын іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музей шай ішу дәстүріне арналған көрмесін ұсынады (ФОТО)
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан халқының шай дәстүрі» атты көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Таразда «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ хандығы» энциклопедиясының тұсаукесері өтеді. Ғылыми еңбек ТарМПИ жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығында дайындалған. Бұл жөнінде аталған оқу орнының ақпараттық-имидждік орталығының жетекшісі Жандар Асан хабарлады.
Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Бекарыстан би ауылында жаңа музей ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Ұлттық музейдің ғалымдары Бетпақдала мен Ұлытау өңірін зерттеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының мамандары бірлесіп Қарағанды облысындағы Бетпақдала мен Ұлытау өңіріндегі тас ғасыры ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен антрополог, ғалым Оразақ Смағұловтың мерейтойына арналған «Тұңғыш қазақ антропологы 85 жаста» атты салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан халқының шай дәстүрі» атты көрме ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.