Екі жағы терімен қапталған кітап Каирде мысырлық музей кітапханасынан табылды. Ұзындығы екі жарым метр кітапта Орта патшалық басындағы «Екі жол кітаптарынан» мәтіндер келтірілген, суреттер бейнеленген. Онда о дүниелік патшалық жайлы айтылады және көптеген жерлеу рәсімдері келтірілген.
Ғалымдар жәдігерді «Екі жол кітаптарының» түпнұсқалық көздерінің бірі болуы мүмкін деп санайды. Себебі манускрипт теріден жасалған, ол папируске қарағанда жоғары бағаланған.