Зерттеулерге Назарбаев Университетінің ғалымы Закари Кофран да үлес қосқан болатын. Журналистермен жүздескен білікті маман үңгірден балалардан бастап егде жасқа дейін 15 адамның сүйегі анықталғанын айтады. Бұлардан 1,5 мыңдай фрагменттер алынған. Ли Бергер бастаған зерттеуші топ Homo naledi адамын бойы тік 1 метр 52 см, миы үлкен, аяғы ұзын әрі қисық, салмағы шамамен 45 келі деп сипаттайды. Профессор Кофран жұмбақ адамды ары қарай да зерттеуді жалғастырмақ.
Закари Кофран, Назарбаев Университетінің профессоры:
- Қазір көптеген сауалдар жауап күтіп тұр. Ол жерде қазір археологтар жұмыс жасауда. Олар сүйектердің қаншама жыл бұрын пайда болғандығын, кімдерге тиесілі екендіктерін анықтауда. Осыдан соң менде анатомиялық сарапшы ретінде қаңқаларды зерттеуге кірісемін.