Анонс
Super User

Super User

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде Германия Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің Ассоцияциясымен неміс суретшілері картиналарының  бірлескен көрмесі ашылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім территориясы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі облыстың ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай  8-10 қазан күндері Тараз қаласында өтетін іс-шаралар жоспары жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында қазақ мемлекеттік және қоғам қайраткері, ойшыл, ғалым, Түркістан халықтарының көсемі Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына орай «Мұстафа Шоқай: Алаш арысы» атты құжаттық көрмесі ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.   

Біздің тарихымыз – Еліміздің ұлттық идеологиясына айналдыруға болатын нағыз керемет тарих. Әлемді билеп-төстеп отырған алып мемлекеттердің тарихында бұндай әділдікті, батырлықты, жомарттықты, достықты, сыйластықты, адамгершілікті насихаттайтын басымдықтар аз. Біздің ата-бабамыз болашақ ұрпақ үшін туған жерді ақылдың, білектің күшімен қорғады. Сондықтан, шынайы тарихымызды жазып, соның ішіндегі ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор тұстарын насихаттасақ, патриоттық бағыттағы нағыз ұлттық идеология жасақтарымыз анық. 

Тараз қаласында бұрын Орталық базар орналасқан жерде мерейтойлық салтанаттар күні республикалық маңызы бар   тарихи ескерткіш - «Көне Тараз» археологиялық саябағының ашылуы өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бурабайдағы Кенесары үңгірі – туризмді дамытатын жер. Бұл туралы Бурабайдағы «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясының басшысы, тарихшы Жомарт Қайырымденов айтты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Түрікменстан Бейтараптылығының 20 жылдығы аясында «Түрікмен суретшілерінің әлемі» атты көркем өнер туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев ((1904 —1973 жж.) Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Қазіргі уақытта Ә.Қастеевтің мұралары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде сақтаулы. Назарларыңызға музей қорында сақталған Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысын ұсынамыз.

Нью-Йорк қаласының заманауи өнер музейі (МоМА) студенттерді (бакалавр, магистр және аспиранттар), сонымен қатар, жас мамандарды  тағылымдамадан өтуге шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музей сайтына сілтеме жасап.  

Медиа

JoomShaper