Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, еліміздің ұлағатты тарихын дәріптеу арқылы ұлттың сана-сезімін қалыптастыру. Әсем туындылар қазақ хандығы қалыптасқан 550 жылдан бергі тарихи мазмұны ерек, елеулі оқиғалардан сыр шертеді. Көрмеде көпшілік назарына шеберлердің зергерлік бұйымдар, қазақтардың әскери сауыт-саймандары, табиғи көріністер және тарихи тұлғалардың портреттері, сондай-ақ суретшілердің еліміздегі тарихи датаға арналған жаңа туындылары ұсынылды.
«Ұлы бабалар жолы» атты көрменің ұйымдастырушылары Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен Тәуелсіздік Сарайы.