Елімізде аталып өтіп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының жылына арналған көрме бұған дейін Ұлттық музейде өткен «Chitra by Newby коллекциясынан» атты халықаралық көрменің жалғасы болып табылады.
«Chitra by Newby» коллекциясы шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Бұл коллекцияны «N.Sethia Foundation» қайырымдылық қорының төрағасы Нирмал Кумар Сетхия қалыптастырған.
«Қазақстан халқының шай дәстүрі» көрмесі шай ішу мәдениетімен, түрлі этностардың тарихымен және дәстүрімен таныстыру арқылы халықтың бірлігін нығайтып, ынтымағын арттыруды көздейді.
Басқосу барысында мәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды шай ішу мәдениетінің қалыптасқан дәстүрлерімен және Қазақстанда тұратын түрлі этностардың әдет-ғұрпымен таныстырады.
Сондай-ақ, шара аясында «Ұлттық натюрморт» атты көрме ашылып, келушілерге шай тарихына қатысты жеке антиквариаттар топтамасын тамашалау мүмкіндігі беріледі.
Көрмеге Қазақстандағы мәдени бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Ұлттық музей достары клубының мүшелері және қоғам қайраткерлері қатысады.
Көрменің ашылуы 2015 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 16.00-де өтеді.
Фото: massaget.kz