Зерттеу жұмыстарына ҚР Ұлттық музейінің Халық қазынасы институтының жетекші ғылыми қызметкері Т.Б. Мамиров басшылық жасады.
Сарысу өзенінің аңғарында жүргізілген барлау жұмыстары барысында тас дәуірінің ескерткіші - Жаман Айбат тұрақ-шеберханасының нақты географиялық байланыстыруы жасалды, күндізгі беттегі тас артефактілердің концентрациясының 4 нысандары анықталды.
Барлау жұмыстары барысындағы зерттелген тағы бір ірі ескерткіштердің бірі тас ғасырының ғылыми тарихнамасына енген Мұзбел тұрақ-шеберханасы.
Стационарлық зерттеу нысаны Ұлытау ауданы, Бала Жезді өзенінің жағасында орналасқан. Зерттеу кезінде өзен жағасы бойымен 50 ш. м көлемде қазба жұмыстары жасалды. Қазба жұмыстары барысында тас артефактілер, сүйектер табылды.
Мұзбел, Жаман-Айбат ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған материалдар, 1-4 нысандар, ҚР Ұлттық музейінің Халық қазынасы ҒЗИ зертханасында өңделеді және кейіннен сақталады.