Энциклопедияда Қазақ хандығына қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері барынша молынан енгізілген. Қазақ хандығының тарихында өзіндік із қалдырған хандар, сұлтандар, билер, батырлар, ақындар мен жыраулар және өзге тұлғалар мен тарихи оқиғаларды жан-жақты қамтыған 360-қа жуық мақала, 300-ден астам суреттер мен карталар берілген. Сонымен қатар, Қазақ хандығы тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер де бар. Энциклопедиялық басылымды даярлау туралы идеяның авторы – Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Бас редакторы – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.
Аталған шара 2015 жылдың 8 қазан күні сағат 11:00-де өтеді.