Анонс
Super User

Super User

Ақтоғай ауданы – қазақ даласындағы өркениеттің дамыған жері. Бұл пікірді Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала елі» экспедициясы барысында Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейінің директоры, өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Павлодар облысының басшылығы Наум Шафер музей-үйі мен Павель Васильев музейлерін біріктіруден бас тартты. Бұл туралы бүгін аппараттық кеңесте облыс әкімі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі

Ұлттық музейде 300-ден астам экспонатқа реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы бүгін Астанада «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық музейі директорының қор қызметі бойынша орынбасары Абай Сатыбалдин мәлім етті.

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы Ұлттық музейдің жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдениет министрліктері ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында 2017 жылы ҚР Ұлттық музейінде «Терракот әскерлері»  бірегей көрмесін өткізу туралы уағдаластыққа қол қойды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Шымкентте қалалық мұрағаты ғимаратының  ашылу салтанатты өтті, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы іргесінде орналасқан «Анаға құрмет» музейінің ашылғанына биыл 1 жыл толды. Осыған орай, музей кешенінде ақ жаулықты аналарымызға арналған әдеби-музыкалық концерт өтті, деп хабарлады Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасы. 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Амангелді Мұқажанның «Аңыз дала» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Халық ақыны Н.Байғанин атындағы мәдени қорымен» бірлесіп ХХ ғасырдағы қазақ халық поэзиясының аса көрнекті өкілі, жыр алыбы Нұрпейіс Байғанинның 155 жылдығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» атты мемориалды көрмесін ашады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 29 қазан күні сағат 14.00-де қазақтың ғұлама ғалымы әрі ағартушысы  Шоқан Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Сөнбес жұлдыз» атты тақырыптық семинар өтеді. 

Медиа

JoomShaper