Салтанатты жиында аудан әкімі Нәжмәдин Шамұратов құттықтау сөз сөйледі:
- Егемен ел атанғалы 24 жылдың ішінде қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да бұл Қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке. Бүгінгі той - қатардағы көп тойлардың бірі емес. Бұл күн - біздің аталарымыздың сан ғасырғы армандарының жүзеге асып жатқан күні ,- деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, салтанатты рәсімге келген арнайы қонақтар белгілі жырау Алмас Алматов, «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай құттықтау сөз сөйледі.